Қазақстанның педагогикалық хабаршысы https://pedvestnik.ppu.edu.kz/index.php/new
«Қазақстанның педагогикалық хабаршысы» қазіргі педагогикалық үдерістегі білім беру мәселелеріне қызығушылық танытатын зерттеушілерге, педагогтарға, білім беру жүйесінің қызметкерлеріне және оқырмандарға арналған рецензияланатын ғылыми практикалық-әдістемелік журнал болып табылады.

Журнал Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын басылымдар тізбесінің «2-Тізіміне» 2026 жылдан бастап енгізілген (2025 жылғы 9 желтоқсандағы №2138 бұйрық)

Журналдың мақсаты білім беру саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін жариялау арқылы педагогикалық ғылым мен практиканың дамуына жәрдемдесу болып табылады.

Журнал оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тәсілдерін, әдістемелері мен технологияларын таратуға, сондай-ақ зерттеушілер, оқытушылар, практиктер мен білім беру және сабақтас пәндер мамандары арасында ғылыми алмасуды ынталандыруға бағытталған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін жаңғырту, заманауи білім беру стандарттарын енгізу және педагог кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылады.

Журналда зерттеушілердің, магистранттардың және докторанттардың білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешуде ғылыми жетекшілермен бірлесіп жазған ғылыми зерттеулерінің нәтижелері жарияланады.

Журналдың тақырыптық бағыттары:

Білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер.

ISSN 1991-0614
eISSN 2788-8762
kk-KZ
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/deed.ru
pedvestnik@ppu.edu.kz (Матаев Берик Айтбаевич) pedvestnik@ppu.edu.kz (Калимова Асемгуль Джамбуловна ) Fri, 27 Mar 2026 16:21:43 +0500 OJS 3.3.0.7 http://blogs.law.harvard.edu/tech/rss 60 ЕКІНШІ ШЕТ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАСЫН ОҚЫТУДАҒЫ КОГНИТИВТІК-ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ https://pedvestnik.ppu.edu.kz/index.php/new/article/view/29
Зерттеуде екінші шет тілін үйрену барысында лексиканы қолданудың тиімділігі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – когнитивтік стратегиялар мен лингводидактикалық тәсілдерді үйлестірудің студенттердің белсенді сөздік қорын дамытуға, созжасамдық дағдаларын қалыптастыруға және интерференция деңгейін төмендетуге ықпалын анықтау.

Педагогигалық экспериментке 48 студент қатысты; интервенция 8 аптаға созылды. Нәтижелер эксперименттік топта лексикалық қамтылудың 34,1-ға % артқанын, сөзжасамдық тапсырмаларды орындау көрсеткішінің 5,2 баллға өскенін және интерференция деңгейіннің 17,3-ға % төмендегенін көрсетті. Теориялық талдау мен эмпирикалық деректер көптілдік жағдайында екінші шет тілін оқытуда когнитивтік және лингводидактикалық тәсілдерді интеграциялаудың тиімділігін дәлелдеді.

Бұл зерттеуде лексиканы оқыту тәжірибесіндегі тиімділікке әсер ететін бірқатар негізгі әдістерге назар аударылады. Аталған әдістерді оқу үдерісінде тиімді қолданудың үлгілері ұсынылып, олардың артықшылықтары мен ықтимал кемшіліктері көрсетіледі. Неміс тілін оқыту бағдарламасына когнитивті және лингводидактикалық тәсілдерді интеграциялаудың білім сапасын арттыру және студенттерді жаһандану жағдайында кәсіби қызметке сапалы даярлау үшін маңыздылығы атап өтілді.

Бұл зерттеу нәтижесі шет тілдерін оқыту әдістемесі саласына елеулі үлес қосады, өйткені ол студенттердің оқу нәтижелерін когнитивтік және лингводидактикалық тәсілдер арқылы жақсартуға бағытталған оқытушылар мен әдіскерлерге арналған практикалық ұсынымдарды ұсынады.
Адемау Акылбекова##common.commaListSeparator##Мергуль Кулахметова ##common.commaListSeparator##Анар Мустафаева ##submission.copyrightStatement## https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0 https://pedvestnik.ppu.edu.kz/index.php/new/article/view/29 Fri, 27 Mar 2026 00:00:00 +0500 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖАЗУДЫҢ РӨЛІ https://pedvestnik.ppu.edu.kz/index.php/new/article/view/39
Бұл мақала орта мектеп жағдайында «Тарихи деректерден – зерттеу дағдысына» атты авторлық бағдарлама аясында оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру мен дамытудағы курстық жұмыстың педагогикалық әлеуетін анықтауға арналған. Зерттеу Action Research әдіснамасына негізделіп, 16-17 жастағы 10 оқушының қатысуымен Қазақстан тарихы пәні аясында жүргізілді. Зерттеудің негізгі бағыттары курстық жұмыс орындау барысында оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін, дербестігін, ғылыми ізденіске қызығушылығын және зерттеу әрекеттерін дамытуға ықпал ететін әдістемелік тетіктерді талдауды қамтиды.

Жұмыс барысында білім алушылардың ақпаратты әртүрлі дереккөздерден іздеу, оларды салыстыру және бағалау, алынған мәліметтерді талдау мен жүйелеу, ғылыми стильде жазу, дәлелді тұжырымдар мен негізделген қорытындылар жасау дағдыларының қалыптасу үдерісі қарастырылды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы курстық жұмысты оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігін дамыту құралы ретінде негіздеумен айқындалады, ал практикалық маңыздылығы мұғалімдерге курстық жұмысты тиімді ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсынымдар ұсынуымен көрінеді.

Зерттеу нәтижелері курстық жұмыстың оқушылардың сыни ойлау қабілетін, өз пікірін дәлелдеп жеткізуін, жауапкершілігі мен өзіндік сенімділігін арттыруға оң әсер ететінін көрсетті. Сонымен қатар, уақытты жоспарлау, академиялық жазылым және дереккөздермен жұмыс барысында кездесетін қиындықтарды еңсеруде жүйелі әдістемелік қолдаудың шешуші рөл атқаратыны дәлелденді. Осылайша, аталған зерттеу мектептегі зерттеушілік оқытуды дамытуға және оқушылардың әмбебап зерттеу дағдыларын қалыптастыру мәселесіне теориялық әрі тәжірибелік үлес қосады.
Дамир Исиргепов##common.commaListSeparator##Елена Бережнова ##submission.copyrightStatement## https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0 https://pedvestnik.ppu.edu.kz/index.php/new/article/view/39 Fri, 27 Mar 2026 00:00:00 +0500 АРАЛАС ОҚЫТУ МОДЕЛІН ЖОО-да СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ: НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ТИІМДІЛІКТІ БАҒАЛАУ https://pedvestnik.ppu.edu.kz/index.php/new/article/view/31
Қазіргі білім беру кеңістігінде аралас оқыту (blended learning) моделі дәстүрлі және цифрлық оқыту технологияларын тиімді біріктіру арқылы білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырудың өзекті құралы ретінде қарастырылады. Бұл модель, әсіресе, жоғары білім беру жүйесінде оқытудың икемділігі мен жекеленуін қажет ететін ересек білім алушылар үшін тиімді педагогикалық тәсіл болып табылады. Дегенмен, онлайн өзара әрекеттестік деңгейінің төмендігі мен нақты педагогикалық стратегиялардың жеткіліксіздігі бұл үдерістің нәтижелілігіне кері әсер етуі мүмкін.

Осыған байланысты зерттеу жұмысының мақсаты – аралас оқыту форматына бейімделген педагогикалық стратегияларды айқындау, оларды әдістемелік тұрғыдан жүйелеу, практикалық сынақтан өткізу және олардың оқыту сапасына ықпалын бағалау. Зерттеу 2025–2026 оқу жылының 1-семестрінде Қазақстандағы Орталық Азия инновациялық университетінің базасында, «Алгебра және сандар теориясы» пәні аясында жүргізілді. Аралас оқыту моделі негізінде ұйымдастырылған педагогикалық экспериментке 84 студент қатысып, бақылау және эксперименттік топтар арқылы оқыту нәтижелері талданды. Сапалық деректер студенттермен және оқытушылармен жүргізілген сұхбаттар арқылы жинақталды, ал сандық деректер сауалнамалар мен платформалық (Stepik) белсенділік көрсеткіштері арқылы алынды.

Зерттеу нәтижесінде педагогикалық үдерісті оңтайландыруға бағытталған оқыту стратегияларының үш негізгі бағыты анықталды: оқытушының онлайн форматтағы белсенді қатысуы; бірлескен оқу мен дайындыққа бағытталған оқу әрекеттері; оқу мазмұны мен қызмет түрлерін онлайн және дәстүрлі форматтарда тиімді үйлестіру. Аталған стратегиялар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, оқытудың сапасын арттыруға және аралас оқыту моделін тиімді құрылымдауға ғылыми негіз ұсынады.

Зерттеу нәтижелері Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізуге және болашақ мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін дамытуға бағытталған тәжірибелік шешімдер қабылдауда қолдануға болады.
Құралай Әтірбек##common.commaListSeparator##Егенберді Теңізбаев ##common.commaListSeparator##Сандугаш Сахова ##submission.copyrightStatement## https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0 https://pedvestnik.ppu.edu.kz/index.php/new/article/view/31 Fri, 27 Mar 2026 00:00:00 +0500 Лингвистикалық ландшафты оқушылардың оқу үдерісіне тартылымдылығын арттырудың инновациялық тәсілі ретінде пайдалану https://pedvestnik.ppu.edu.kz/index.php/new/article/view/10
Мақала билингвальді білім беру жағдайында оқушылардың оқу тартылымдылығын арттыру құралы ретінде лингвистикалық ландшафт әдісінің педагогикалық әлеуетін зерделеуге арналған. Зерттеудің мақсаты – қалалық визуалды-тілдік ортаның элементтерін екінші тіл ретіндегі орыс тілін оқыту үдерісіне енгізудің нәтижелілігін бағалау. Әдістемелік негіздеме ретінде сауалнама жүргізу, визуалды мәтіндерге семиотикалық талдау жасау, сондай-ақ жобалық және тәжірибеге бағдарланған тапсырмаларды орындау қолданылды. Зерттеудің эмпирикалық бөлігі Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектебінің алтыншы сынып оқушылары арасында жүргізілді. Олар лингвистикалық ландшафттың аутентті нысандарымен: маңдайшалармен, билбордтармен, мектеп стендтерімен және навигациялық белгілермен жұмыс істеді. Алынған нәтижелер оқушылардың эмоциялық және когнитивтік тартылымдылығының артуын, метатілдік сауаттылықтың дамуын және әлеуметтік-мәдени контексте визуалды-тілдік элементтерді түсіндіру қабілетінің артуын көрсетеді. Әдістеменің маңызды құрамдас бөлігі ретінде цифрлық платформаларды (Genially, Miro) интеграциялау жүзеге асырылды. Олар жинақталған деректерді визуализациялауға, ұжымдық талқылауды ұйымдастыруға, оқушылардың зерттеушілік және жобалық дағдыларын кеңейтуге мүмкіндік берді. Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы мультимодалды тәсілдің тиімділігін дәлелдеуде, яғни оқу қызметін қалалық шынайы коммуникациямен байланыстыруында көрінеді. Жұмыстың теориялық құндылығы визуалды-тілдік ортаның екінші тілді оқытудағы функционалдық маңызын айқындайтын әдістемелік тұжырымдарды нақтылаумен, сондай-ақ әдістемені одан әрі дамыту перспективаларын белгілеумен анықталады. Зерттеу нәтижелері лингвистикалық ландшафт әдісінің орыс тілін екінші тіл ретінде оқытуда мәдени компонентті интеграциялаудың тиімді құралы екенін дәлелдейді.
Жания Атыгаева##common.commaListSeparator##Зифа Темиргазина##common.commaListSeparator##Малгожата Лучик ##submission.copyrightStatement## https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0 https://pedvestnik.ppu.edu.kz/index.php/new/article/view/10 Fri, 27 Mar 2026 00:00:00 +0500 Инновациялық технологиялар болашақ мұғалімдердің инклюзивті процеске әдістемелік құзыреттілігін дамыту құралы ретінде https://pedvestnik.ppu.edu.kz/index.php/new/article/view/9
Мақалада болашақ мұғалімдердің әдістемелік құзыреттілігін дамыту мәселелері және оларды жүзеге асырудың заманауи әдістері қарастырылады. Зерттеу болашақ мұғалімдерді инклюзивті процеске оңтайлы интеграциялау үшін инновациялық технологияларды қолданудың тиімді әдістерін ғылыми негіздеу мақсатында жүргізілді. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін зерттеу әдістері мен материалдарының кешені қолданылды (ғылыми және нормативтік әдебиеттерді талдау, жалпылау және салыстырмалы педагогикалық талдау, сауалнама, бақылау, талдау, статистикалық әдістер мен сараптамалық сұхбат элементтерімен педагогикалық эксперимент). Оларды қолдану қойылған мәселелерді егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік берді. Екі әдісті қолдана отырып, Өзгерістерді диагностикалау нәтижелері студенттердің әдістемелік құзыреттілігін дамытуда инновациялық технологиялардың жоғары тиімділігін көрсетті. Оларды эксперименттік топта қолдану теориялық білімді игеруде де, қазіргі заманғы инклюзивті технологияларға негізделген педагогикалық тәсілдерді қолдануда да жақсы нәтижелер көрсетті. Инновациялық технологиялардың болашақ мұғалімдердің әдістемелік құзыреттілігін қалыптастыруға оң әсері туралы Гипотеза статистикалық расталды. Сонымен қатар, инновациялық технологияларды қолдану инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мұғалімдердің әдістемелік құзыреттілігі мен жұмысқа дайындығының деңгейін арттырумен статистикалық маңызды байланысқа ие. Инклюзивті білім беру үшін қажетті әдістемелік құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін инновациялық технологияларды оңтайлы енгізу бойынша педагогикалық мамандықтардың студенттері үшін практикалық ұсынымдар әзірленді.
Асель Махадиева ##common.commaListSeparator##Асем Махадиева##common.commaListSeparator##Гульсим Есжанова ##submission.copyrightStatement## https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0 https://pedvestnik.ppu.edu.kz/index.php/new/article/view/9 Fri, 27 Mar 2026 00:00:00 +0500 ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ МЕН СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН ОҚУ ТАПСЫРМАЛАРЫН САРАЛАП ОРЫНДАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ https://pedvestnik.ppu.edu.kz/index.php/new/article/view/7
Modern research shows that students with speech impairments face pronounced difficulties in oral communication, which affects their academic performance, and differentiation of the assignment format is considered an effective tool for improving educational equality in inclusive higher education. As part of this mixed-design study, a survey and comparative experiment were conducted with students with dysarthria, logoneurosis  and rhinolalia. The length and accuracy of the response, smoothness of speech, and subjective confidence were analyzed. The data obtained indicate that the use of a written format and visually supported responses increased the volume of responses, reduced the number of speech difficulties and increased student confidence, which is fully consistent with international research on the pedagogical effectiveness of differentiation and multimodal support. The scientific novelty of the research lies in the fact that for the first time it has been empirically shown that the written format does not simplify academic requirements, but allows students with speech impairments to express their understanding of the educational material more precisely and more deeply. The practical significance lies in the fact that the results confirm the need for the systematic introduction of differentiated forms of assessment in universities in Kazakhstan and the development of methodological recommendations for teachers working in inclusive education.
Эльмира Кдиригужина##common.commaListSeparator## Alfiya Khamidullina##common.commaListSeparator##Ахлима Муханбетчина ##submission.copyrightStatement## https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0 https://pedvestnik.ppu.edu.kz/index.php/new/article/view/7 Fri, 27 Mar 2026 00:00:00 +0500 Қазақстанда дарындылықты дамыту: қазіргі жағдайыжәне жетілдіру бағыттары https://pedvestnik.ppu.edu.kz/index.php/new/article/view/28
Мақала Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесіндегі дарынды балаларды анықтау, сүйемелдеу және дамыту жүйесінің қазіргі жай-күйін талдауға арналған. Зерттеуде дарынды білім алушылармен жұмысты реттейтін нормативтік-құқықтық базаға кешенді талдау жүргізілді, сондай-ақ педагогтардың сауалнамасы мен әртүрлі типтегі (қалалық, мамандандырылған және ауылдық) мектептердің психологтарымен сұхбаттасу деректері түсіндірілді.

Мақаланың мақсаты - Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесіндегі дарындылықты анықтау және дамыту процесін реттейтін нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық және педагогикалық базаның ағымдағы жай-күйін талдау, дарынды білім алушылармен тиімді жұмыс істеуге кедергі келтіретін түйінді проблемаларды айқындау, сондай-ақ осы саладағы білім беру саясаты мен практикасын жетілдірудің басым бағыттарын белгілеу. Алынған эмпирикалық деректер дарындылықты диагностикалау және сүйемелдеу саласындағы негізгі проблемаларды анықтауға мүмкіндік берді, олардың ішінде - бірыңғай әдістемелердің болмауы, педагогтарды жеткіліксіз даярлау, ресурстық теңсіздік және психологиялық қолдаудың әлсіз интеграциясы. Зерттеу нәтижелері негізінде жүйелі көзқарас, кадрлық әлеуетті дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және нормативтік қамтамасыз ету қажеттілігін қоса алғанда, осы саладағы білім беру саясатын жетілдіру бағыттары ұсынылды.
Алмагуль Асаинова ##common.commaListSeparator##Айгуль Утилова ##common.commaListSeparator##Таттигуль Шакенова ##submission.copyrightStatement## https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0 https://pedvestnik.ppu.edu.kz/index.php/new/article/view/28 Fri, 27 Mar 2026 00:00:00 +0500 THE INFLUENCE OF GAMIFICATION ON THE FORMATION OF THE KNOWLEDGE COMPONENT OF THE BIOLOGICAL TRAINING OF FUTURE TEACHERS https://pedvestnik.ppu.edu.kz/index.php/new/article/view/11
This article discusses the influence of gamification on the formation of the educational component in the subject training of future biology teachers in the context of digital learning. The relevance of the study is determined by the need to improve the quality of professional training in pedagogical universities and the introduction of innovative methods that allow increasing not only the motivation of students to study, but also the level of subject knowledge in biology. The purpose of the study is to identify the impact of gamified learning on educational achievements and the peculiarities of students ' perception of the educational process. The study was conducted on the basis of the Abai Kazakh National Pedagogical University. The study was attended by 4th year students studying under the educational program" pedagogical education (biology) " (n = 84). The participants were divided into experimental (n = 42) and Control (n = 42) groups. In the experimental group, within the framework of the discipline "computer technologies and modeling in biology", gamified tasks on the topics "nutrition", "reproduction", "growth and development", "output" were introduced, and in the control group, the traditional learning approach was used. To assess the level of the educational component, the Student Achievement Test (SAT) was conducted before and after the experiment, as well as a survey of 20 conclusions (Likert scale 1-5) using Google Forms after the experiment. The results showed an increase in SAT indicators in both groups, however, in the experimental group, the increase was 11%, in the control group-7%; after the end of the experiment, statistically significant differences were found between the groups. The results of the survey showed that students have a high level of motivation, interest, active participation and positive perception of gamification. The data obtained prove that the use of gamification as a pedagogical design contributes to the effective development of the educational component of future biology teachers.
Алима Ажибекова##common.commaListSeparator##Rimma Izbassarova##common.commaListSeparator##Lili Nurliyana Abdullah ##submission.copyrightStatement## https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0 https://pedvestnik.ppu.edu.kz/index.php/new/article/view/11 Fri, 27 Mar 2026 00:00:00 +0500 Болашақ білім беру психологтарында өзін-өзі дамыту мен кәсіби құндылықтар арасындағы байланыс https://pedvestnik.ppu.edu.kz/index.php/new/article/view/62
Бұл мақала болашақ білім беру психологтары үшін психологиялық құндылықтарға жету факторы ретінде өзін-өзі дамыту мәселелерін талқылайды. Зерттеу әдістеріне әдеби шолу, сауалнамалар, тестілеу және статистикалық-аналитикалық деректерді талдау кіреді, бұл алынған нәтижелердің ғылыми негізділігі мен сенімділігін қамтамасыз етеді.

Зерттеу педагогикалық факультеттің «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының (әрі қарай – ББ) студенттері арасында жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде студенттердің көпшілігі болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдап, өзін-өзі дамытуды кәсіби қызметінің маңызды аспектісі деп есептейтіні және біліктілігін одан әрі арттырғысы келетіні анықталды. Сонымен қатар, кәсіби өзіндік сананың қалыптасу деңгейінде бірқатар қайшылықтардың бар екені байқалды.

Көптеген болашақ білім беру психологтарының кәсіби және құндылық бағдарларының жетілгендік деңгейі тиісті түзету жұмыстарын қажет етеді. Студенттердің едәуір бөлігі өздерінің жеке дамуына қызығушылық танытады. Статистикалық талдау болашақ білім беру психологтарының өзін-өзі дамытуға дайындығы мен олардың кәсіби-құндылық бағдарларының құрылымы арасындағы орташа деңгейдегі мықты корреляцияның бар екенін растады. Болашақ білім беру психологтары үшін кәсіби құндылықтар мен өзін-өзі дамыту арасындағы берік байланысты қалыптастыруға бағытталған практикалық ұсыныстар мен педагогикалық шарттар ұсынылады.
Асем Жолдыбекова ##common.commaListSeparator##Гулбаршын Аюпова ##common.commaListSeparator##Аида Мауэнова ##submission.copyrightStatement## https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0 https://pedvestnik.ppu.edu.kz/index.php/new/article/view/62 Fri, 27 Mar 2026 00:00:00 +0500 Тұтығу тіл бұзылысын түзетуге арналған логопедиялық деңгейлік оқыту әдісі https://pedvestnik.ppu.edu.kz/index.php/new/article/view/36
Тұтықпа – бұл ауызша сөйлеу тілінің еркін сөйлеуіне ғана емес, сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының эмоционалдық әл-ауқаты мен танымдық дамуына да әсер ететін күрделі сөйлеу тілі бұзылысы. Қазіргі таңда, логопедиялық практикада түзету жұмыстарын білім беру үдерісімен үйлестіретін педагогикалық негізделген тәсілдерді қолдану қажеттілігін көбірек атап өтуде. Осы тұрғыда, осы зерттеу тұтығң тіл бұзылысын түзетудің құрылымдық педагогикалық механизмі ретінде деңгейлік оқыту технологиясын қолдануды қарастырады. Зерттеу логопедиялық практикаға бейімделген көп деңгейлі нұсқаулық моделінің тиімділігін негіздеуге бағытталған. Негізгі артикуляциялық және сөйлеу-моторикасын дамытудан коммуникативтік жағдайларда еркін сөйлеуді жалпылауға дейінгі төрт деңгейлі түзету бағдарламасы әзірленді. Зерттеу барысында тұтықпасы бар бастауыш сынып оқушыларынан құралған бақылау және эксперименттік топтармен квазиэксперименттік жұмыс жүргізіліп, логопедиялық әдістер, түзету жаттығулары және мұғалімдер мен ата-аналардың қолдауы кешенді түрде қолданылды. Педагогикалық эксперимент нәтижелері деңгейлік оқыту технологиясының дәстүрлі логопедиялық тәсілдермен салыстырғанда сөйлеу еркіндігін, артикуляциялық моториканы және эмоционалдық тұрақтылықты дамытуда анағұрлым тиімді екенін көрсетті. Зерттеудің практикалық маңыздылығы ұсынылған модельді арнайы және инклюзивті білім беру жағдайларында қолдану мүмкіндігімен айқындалады. Бұл зерттеудің құндылығы деңгейлік оқыту принциптерін интеграциялау арқылы логопедияның әдіснамалық негіздерін кеңейтуден тұрады. Осылайша тұтығу тіл бұзылысын түзетудің тұтас, педагогикалық бағытталған стратегияларын жасауға ықпал етеді.
Nurgul Дүйсекеева##common.commaListSeparator##Aidos Bekmurat##common.commaListSeparator##Гүлмира Қарабалаева ##submission.copyrightStatement## https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0 https://pedvestnik.ppu.edu.kz/index.php/new/article/view/36 Fri, 27 Mar 2026 00:00:00 +0500 Болашақ жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің цифрлық білім беру ортасында шет тілдік коммуникативтік құзыреттілігін дамытудағы мотивациялық динамика https://pedvestnik.ppu.edu.kz/index.php/new/article/view/32
Осы зерттеу Қазақстан студенттері арасында ағылшын тілін меңгеру деңгейінің төмендігі мәселесіне және үштілді білім беру саясаты аясында цифрлық білім беру ортасында шет тілдік коммуникативтік құзыреттілікті  дамыту қажеттілігіне арналған. Цифрлық технологияларды пайдалана отырып шет тілін меңгеріп жүрген жаратылыстану бағытындағы бірінші курс болашақ мұғалімдерінің мотивациялық динамикасы зерттеудің негізгі нысаны болды. 2024 жылдың қыркүйек және қараша айларында О. Жанібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 84 студенті арасында Лайкерт шкаласына негізделген сауалнама арқылы екі кезеңдік зерттеу жүргізілді. Орташа мәндер негізінде интегралды мотивациялық индекс есептелді. Мотивациялық динамиканы тереңірек талдау мақсатында «Шет тілі» цифрлық курсын бастауға дейін және аяқтағаннан кейінгі мотивация деңгейлері арасындағы өзара байланысты анықтауға мүмкіндік беретін корреляциялық талдау қолданылды. Статистикалық өңдеу барысында Пирсон корреляция коэффициенті және Спирменнің рангілік корреляция коэффициенті пайдаланылды. Алынған нәтижелер мотивация деңгейінің жоғары және біршама өсім көрсеткенін дәлелдейді: интегралды мотивациялық индекс 5,0-ден 5,2-ге дейін артты. Студенттер ағылшын тілінің кәсіби маңызын тереңірек түсінгенін және тілдік құзыреттілікті өзіндік бағалаудың өскенін көрсетті. Сонымен қатар, үй тапсырмаларын орындауға байланысты мотивацияның аздап төмендеу үрдісі байқалды. Курсты бастауға дейінгі және аяқтағаннан кейінгі мотивация көрсеткіштері арасында статистикалық мәнді корреляцияның болмауы цифрлық білім беру тәжірибесінің әсерінен мотивацияның белгілі бір деңгейде теңестірілгенін көрсетуі мүмкін. Зерттеу нәтижелері болашақ жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің тұрақты мотивациясын қолдау және цифрлық шет тілдік коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін цифрлық құралдардың, практикалық бағытталған оқытудың, сондай-ақ ішкі және инструменталдық мотивацияны ұштастырудың маңыздылығын айқындайды.
Дарья Антонцева##common.commaListSeparator##Фазила Артықбаева ##common.commaListSeparator##Айгуль Даулетова ##submission.copyrightStatement## https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0 https://pedvestnik.ppu.edu.kz/index.php/new/article/view/32 Fri, 27 Mar 2026 00:00:00 +0500