Авторларға арналған ережелер
Редакциялық алқа авторлардан журналда жариялау үшін мақалалар дайындау кезінде келесі ережелерді басшылыққа алуды сұрайды.
Журнал редакциясына ұсынылатын ғылыми мақалалар МЕМС 7.5-98 «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспа ресімдеу», мақала ішіндегі библиографиялық тізімдер МЕМС 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен құрастыру ережелері» мақалаларды ресімдеу жөніндегі базалық баспа стандарттарына сәйкес ресімделуге тиіс.
- Нөмір басылымына бір автордан немесе авторлар ұжымы құрамындағы сол автордан бір қолжазбадан артық емес рұқсат етіледі.
- Бір мақаланың тең авторларының саны 3 (үш) адамнан аспауы тиіс, олардың кемінде біреуінің ғылыми дәрежесі болуы қажет.
- Мақаланың тұпнұсқа (плагиат) дәрежесі кемінде 75% (ЖИ-ді қоспағанда) болуы керек. Мақала лицензияланған Antiplagiat.ru жүйесі арқылы плагиаттың бар-жоғына тексеріледі.
- Жіберілетін мақалалар бұрын жарияланбауы тиіс, сондай-ақ оны басқа журналдарда, оның ішінде басқа тілдерге аудармаларда кейіннен жариялауға жол берілмейді
- Қолжазбаны жариялауға қабылдау туралы шешім рецензиялау рәсімі өткізілгеннен кейін қабылданады.
- Қосарланған шолу (соқыр) құпия түрде жасалады, авторға рецензенттің аты – жөні берілмейді, ал рецензентке мақала авторының аты-жөні айтылмайды.
- Мақала үшін төлем мақала жарияланымға қабылданғаннан кейін жүргізіледі.
- Бір жылда басылымына бір автордан немесе авторлар ұжымы құрамындағы сол автордан 2 қолжазбадан артық емес рұқсат етіледі.
- Талаптарды бұза отырып ресімделген мақалалар жариялауға қабылданбайды және авторларға қайтарылады.
Редакция мақаланы әдеби және стилистикалық өңдеумен айналыспайды.
Мақалалар түскен сайын жарияланады.
«Қазақстанның педагогикалық хабаршысы» журналын шығару кезеңділігі - жылына төрт рет (тоқсан сайын)
Авторға қолжазбаларды Word 97-2003 форматында https://pedvestnik.ppu.edu.kz/ сайтында екі нұсқада жүктеу қажет:
- автордың тегі, аты-жөнімен (автордың жеке деректерін көрсете отырып);
- мақаланың атауымен (рецензенке, тек мақала мәтінін қамтиды).
Қолжазбаны дайындауға ең көп зияткерлік үлес қосқан адам (екі немесе одан да көп бірлескен авторлармен) корреспондент - автор болып табылады және "*" деп белгіленеді.
Ғылыми мақала – ғылыми қауымдастықта жариялау және сараптамадан өткізу мақсатында дайындалған, ғылыми негізделген әдіснамаға сүйене отырып жүргізілген эмпирикалық зерттеу нәтижелері, сондай-ақ алынған деректерге теориялық талдау мен интерпретацияны қамтитын аяқталған ғылыми еңбек.