ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖАЗУДЫҢ РӨЛІ
##semicolon##
https://doi.org/10.52301/1991-0614-2026-1-26-41##semicolon##
курстық жұмыс##common.commaListSeparator## жобалық жұмыс##common.commaListSeparator## жобалық оқыту##common.commaListSeparator## іс-әрекеттегі зерттеу##common.commaListSeparator## зерттеу сұрағы##common.commaListSeparator## сауалнама##common.commaListSeparator## бақылауАңдатпа
Бұл мақала орта мектеп жағдайында «Тарихи деректерден – зерттеу дағдысына» атты авторлық бағдарлама аясында оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру мен дамытудағы курстық жұмыстың педагогикалық әлеуетін анықтауға арналған. Зерттеу Action Research әдіснамасына негізделіп, 16-17 жастағы 10 оқушының қатысуымен Қазақстан тарихы пәні аясында жүргізілді. Зерттеудің негізгі бағыттары курстық жұмыс орындау барысында оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін, дербестігін, ғылыми ізденіске қызығушылығын және зерттеу әрекеттерін дамытуға ықпал ететін әдістемелік тетіктерді талдауды қамтиды.
Жұмыс барысында білім алушылардың ақпаратты әртүрлі дереккөздерден іздеу, оларды салыстыру және бағалау, алынған мәліметтерді талдау мен жүйелеу, ғылыми стильде жазу, дәлелді тұжырымдар мен негізделген қорытындылар жасау дағдыларының қалыптасу үдерісі қарастырылды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы курстық жұмысты оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігін дамыту құралы ретінде негіздеумен айқындалады, ал практикалық маңыздылығы мұғалімдерге курстық жұмысты тиімді ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсынымдар ұсынуымен көрінеді.
Зерттеу нәтижелері курстық жұмыстың оқушылардың сыни ойлау қабілетін, өз пікірін дәлелдеп жеткізуін, жауапкершілігі мен өзіндік сенімділігін арттыруға оң әсер ететінін көрсетті. Сонымен қатар, уақытты жоспарлау, академиялық жазылым және дереккөздермен жұмыс барысында кездесетін қиындықтарды еңсеруде жүйелі әдістемелік қолдаудың шешуші рөл атқаратыны дәлелденді. Осылайша, аталған зерттеу мектептегі зерттеушілік оқытуды дамытуға және оқушылардың әмбебап зерттеу дағдыларын қалыптастыру мәселесіне теориялық әрі тәжірибелік үлес қосады.
##submission.downloads##
Жарияланды
##submission.howToCite##
Журналдың саны
Бөлім
##submission.license##
##submission.copyrightStatement##
##submission.license.cc.by-nc-nd4.footer##https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/deed.ru