АРАЛАС ОҚЫТУ МОДЕЛІН ЖОО-да СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ: НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ТИІМДІЛІКТІ БАҒАЛАУ
АРАЛАС ОҚЫТУ
##semicolon##
https://doi.org/10.52301/1991-0614-2026-1-42-60##semicolon##
аралас оқыту##common.commaListSeparator## жоғары білім беру##common.commaListSeparator## педагогикалық эксперимент##common.commaListSeparator## Stepik платформасы##common.commaListSeparator## цифрлық құзыреттілік##common.commaListSeparator## оқу үдерісінің тиімділігіАңдатпа
Қазіргі білім беру кеңістігінде аралас оқыту (blended learning) моделі дәстүрлі және цифрлық оқыту технологияларын тиімді біріктіру арқылы білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырудың өзекті құралы ретінде қарастырылады. Бұл модель, әсіресе, жоғары білім беру жүйесінде оқытудың икемділігі мен жекеленуін қажет ететін ересек білім алушылар үшін тиімді педагогикалық тәсіл болып табылады. Дегенмен, онлайн өзара әрекеттестік деңгейінің төмендігі мен нақты педагогикалық стратегиялардың жеткіліксіздігі бұл үдерістің нәтижелілігіне кері әсер етуі мүмкін.
Осыған байланысты зерттеу жұмысының мақсаты – аралас оқыту форматына бейімделген педагогикалық стратегияларды айқындау, оларды әдістемелік тұрғыдан жүйелеу, практикалық сынақтан өткізу және олардың оқыту сапасына ықпалын бағалау. Зерттеу 2025–2026 оқу жылының 1-семестрінде Қазақстандағы Орталық Азия инновациялық университетінің базасында, «Алгебра және сандар теориясы» пәні аясында жүргізілді. Аралас оқыту моделі негізінде ұйымдастырылған педагогикалық экспериментке 84 студент қатысып, бақылау және эксперименттік топтар арқылы оқыту нәтижелері талданды. Сапалық деректер студенттермен және оқытушылармен жүргізілген сұхбаттар арқылы жинақталды, ал сандық деректер сауалнамалар мен платформалық (Stepik) белсенділік көрсеткіштері арқылы алынды.
Зерттеу нәтижесінде педагогикалық үдерісті оңтайландыруға бағытталған оқыту стратегияларының үш негізгі бағыты анықталды: оқытушының онлайн форматтағы белсенді қатысуы; бірлескен оқу мен дайындыққа бағытталған оқу әрекеттері; оқу мазмұны мен қызмет түрлерін онлайн және дәстүрлі форматтарда тиімді үйлестіру. Аталған стратегиялар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, оқытудың сапасын арттыруға және аралас оқыту моделін тиімді құрылымдауға ғылыми негіз ұсынады.
Зерттеу нәтижелері Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізуге және болашақ мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін дамытуға бағытталған тәжірибелік шешімдер қабылдауда қолдануға болады.
##submission.downloads##
Жарияланды
##submission.howToCite##
Журналдың саны
Бөлім
##submission.license##
##submission.copyrightStatement##
##submission.license.cc.by-nc-nd4.footer##https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/deed.ru