МУЗЫКА САБАҒЫ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ КЕЙБІР ЖОЛДАРЫ
Аннотация
Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін музыка сабағы арқылы дамытудың кейбір жолдары қарастырылған. Музыкалық іс-әрекеттердің оқушылардың эстетикалық және тұлғалық дамуына әсері сипатталып, тиімді әдіс-тәсілдері ұсынылды. Музыка сабағы – бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді құралы. Музыкалық іс-әрекеттер балалардың қиялын, эмоциялық сезімін, көркемдік талғамын қалыптастырып, олардың эстетикалық және тұлғалық дамуына ықпал етті. Мақалада оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерге талдау жасалды. Атап айтқанда, ән айту, музыка тыңдау, музыкалық импровизация, ырғақтық қимылдар мен музыка арқылы көркем бейне жасау сияқты жұмыс түрлері ұсынылды. Сонымен қатар, шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың өзіндік ойлауына, дербес шешім қабылдауына және эмоцияларын еркін жеткізуіне мүмкіндік беретін оқу ортасын ұйымдастырудың маңыздылығы қарастырылды. Музыка сабағында әр оқушының даралығын ескере отырып, шығармашылық қабілетін ашуға жағдай жасаудың педагогикалық шарттары көрсетілді. Мақалада ұсынылған тәсілдер оқу үдерісін жандандырып, оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттырды. Зерттеу барысында музыкалық іс-әрекеттердің балалардың қиялы мен ойлау қабілетін, эмоциялық сезімі мен эстетикалық талғамын қалыптастырудағы маңызы анықталды. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың дербестігін, өз ойын еркін жеткізуін және өнерге деген қызығушылығын арттыратын шығармашылық орта ұйымдастырылды.
Автор
Н.С. Асенова
А.М. Сегизаева
DOI
10.52301/1991-0614-2025-2-56-74
Ключевые слова
шығармашылық қабілет
музыка сабағы
бастауыш сынып
музыкалық іс-әрекет
педагогикалық әдістер
Год
2025
Номер
Выпуск 2