ЖОО-да әлеуметтік педагогиканы оқытуда тестілік тапсырмаларды қолданудың тиімділігі
Аннотация
Қоғамды ақпараттандыру және білім беру жағдайында білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейі туралы объективті ақпарат алу, жедел педагогикалық талдау, педагогикалық процестің сапасын бағалау барған сайын маңызды және қажет болып отыр. Осы зерттеудің мақсаты ұсынылған тест тапсырмаларын қолдана отырып, студенттердң білім деңгейін объективті, сапалы бағалау және тиімді өлшеу болып табылады. Осы мақсатта әзірленген тест тапсырмалары оқу пәнінің мазмұнына және ғылымның қазіргі жағдайының деңгейіне сәйкес келеді. Тапсырмалар «Әлеуметтік педагогика» пәнінің тақырыптық мазмұнына сәйкес құрастырылған.
Мақалада келтірілген тест тапсырмаларының мысалдары автор әзірлеген «Әлеуметтік педагогика бойынша тест тапсырмалары» атты оқу құралынан алынған. Оқу құралы университеттің оқу процесінде «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Әлеуметтік педагогика және білім берудегі педагогикалық қолдау» және «Педагогика және психология» білім беру бағдарламаларында қолданылады.
Білім алушылардың білімін жетілдіру үшін тестілік технологияларды қолдану келесі жағымды тұстарды анықтады: студенттердің біреуден кеңестер алу мен біреуден алдап көшіріп алу мүмкіндігі азайды; білім алушылардың білім сапасы артты; білімді бағалаудың объективтілігі артты; білім алушылардың танымдық белсенділігі артты, сабаққа сабақтан тыс дайындық жақсарды; студенттер топтарындағы психологиялық ахуал жақсарды; бақылау іс-шараларының саны артты, бұл барлық білім алушылардың оқу пәнінің барлық тақырыптары бойынша білімдерін уақтылы диагностикалауға мүмкіндік береді.
Автор
Нургалиева А.К., Нургалиева А.К.
DOI
10.52301/1991-0614-2023-3-4-22
Ключевые слова
Түйінді сөздер: тест, тест тапсырмалары, білім беру процесі, тестілеу, танымдық белсенділік, білім алушылардың оқу жетістіктері.
Год
2023
Номер
Выпуск 3